
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдері үшін «Атамекен» қауымдастығы жұмысы шеңберінде «Қашықтан оқыту кезінде қалыптастырушы бағалау және кері байланысты тиімді жүзеге асырудағы онлайн-платформалардың мүмкіндіктері» әдістемелік онлайн-семинарын өткізеді.
Семинардың мақсаты - қашықтан оқыту кезінде қалыптастырушы бағалау және кері байланысты тиімді жүзеге асырудағы онлайн-платформалардың мүмкіндіктерін қолдану және оқушылардың білімін уақытылы бағалау мен оқушылардың материалды қаншалықты игергенін сараптауға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттер мен тәсілдерді қалыптастыру бойынша тәжірибен алмасу.
Онлайн-семинарда пән ассоциация мүшелері - Өскемен қаласы «№46 орта мектеп» КММ тарих пәні мұғалімдері:
Райымханова Әсем Муратбекқызы педагог-зерттеуші «Қалыптастырушы бағалау және кері байланысты «Learning Apps.org» платформасын қолдану»;
Мусаипов Дастан Фархатұлы педагог-модератор «Қалыптастырушы бағалау және кері байланысты «Online test pad» платформасын қолдану»;
Мухамедуалиева Гульнура Тлеухановна педагог-эксперт «Қалыптастырушы бағалау және кері байланысты «Google Forms» платформасын қолдану» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөліседі.
Сөйлеушілер «Қазақстан тарихы», «Дүние жүзі тарихы» пәндері бойынша қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білімін қалыптастырушы бағалау және кері байланыс жасау үрдісін онлайн -платформалар арқылы тиімді жүргізу бойынша сабақтың үздік үзінділерін ұсынады.
Әдістемелік онлайн-семинар 2021 жылдың 5 қаңтарында өтеді.
Өткізу уақыты – сағат 12.00-де
Іс-шараға жауапты: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні әдіскері, тел.номері 87017677658.