«Өзін-өзі тану» пәнінің үздік педагогі» байқауының жеңімпаздары

«Өзін-өзі тану» пәнінің үздік педагогі» байқауының жеңімпаздары

2020 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Өзін-өзі тану» пәнінің үздік педагогі» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Байқау «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мен дамытуды көздейтін оқу орындарында жұмыс істейтін педагогтердің кәсіби және тұлғалық дамуына бағытталған.

«Өзін-өзі тану» пәнінің үздік педагогі» республикалық байқауының қазылар алқасының шешімі бойынша біздің облыстан келесі педагогтер жүлделі орындарға ие болды:

3 орын - Машаева Асылжан Базиолдановна, Күршім ауданының «№1 Марқакөл орта мектебі» КММ;

2 орын – Узбекова Қарлығаш Сапаровна, Аягөз ауданының «№9 Аягөз қалалық аралас бастауыш мектебі» КММ;

Республикалық байқаудың бас жүлде және «Асыл жүрек» төс белгісімен - Тагиева Индира Таваккул - кызы, Жарма ауданының «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ марапатталды.

Барлық педагогтер С.А. Назарбаеваның алғыс хаттарымен марапатталды.

 

«Өзін-өзі тану» пәнінің үздік педагогі» республикалық байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!