2020 жылдың 20 қарашасында республиканың барлық аймақтарында онлайн режимінде лингвистикадан олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне 3 оқушы - облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша:
- І дәрежелі дипломмен Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Оралханов Амир марапатталды;
- ІІ дәрежелі дипломмен Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9 сынып оқушысы Туужал Ибрагим марапатталды;
- ІІІ дәрежелі дипломмен Облыстық мамандырылған IT-мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Курдюкова Мария марапатталды.
Жүлдегерлерді, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз!