
ШҚО ББ «Шығыс» ӨО «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы негізінде , «Ұстаз – өзгерістер елшісі» республикалық жобасының «Ұстазым мақтанышым» кіші жобасын іске асыру аясында 2020 жыл 28 желтоқсанда жалпы білім беретін және шағын жинақталған мектеп басшыларының шығармашылық қызметінің дамуына бағытталған «Табысты менеджер - 2020» облыстық байқауын өткізді.
Байқауға Аягөз, Бородулиха, Глубокое, Зайсан, Күршім,Үржар, Тарбағатай аудандарынан және Өскемен, Риддер қалаларынан барлығы 13 мектептердің директорлары қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері – шығармашыл басшыларды анықтау, білім беру ұйымдарын басқарудағы озық іс-тәжірибелерді тарату, басқару қызметіндегі инновациялық тәсілдерді қолдану, облыстағы білім беру ұйымдарының басқару әлеуетін арттыру, басшылардың жағымды әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру.
Байқау 3 тапсырмадан тұрды: «Мен - директор» онлайн презентацияны қорғау, «Заманауи мектептің мемлекеттік-қоғамдық басқару моделін қалыптастыру» мақаласы және «Басқарудағы менің жетістіктерім» бейнеролик.
Байқауға аудандық, (қалалық) іріктеу кезеңіндегі 13 жеңімпаз директор қатысты.
Байқау комиссиясы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді екі бағыт бойынша анықтады:
1. ШҚО жалпы білім беретін мектеп басшылары арасында:
І орын - Чернышёва Иннеса Александровна, «Лев Гумилев атындағы № 38 орта мектеп» КММ директоры Өскемен қаласы;
ІІ орын - Акласова Жанар Советкановна, Урджар ауданы «І.Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ директоры ;
ІІ орын - Кемелбаева Айгуль Увалиулдановна, Зайсан ауданы, «М.В.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ директоры;
ІІІ орын - Канапиянов Есилжан Каирбекович, Риддер қаласы «№5 орта мектебі» » КММ директоры;
Номинациялар бойынша марапатталады:
«Жаңашыл басшы» - Корякова Татьяна Анатольевна, «Черемшанка орта мектебі» КММ директоры
«Білікті басшы» - Акылбеков Ержан Серікұлы, «Гагарин атындағы орта мектеп» КММ директоры;
«Кәсіби басшы» - Бузин Александр Ильич, «Владимир Комаров атындағы орта мектеп» КММ директоры;
«Шығармашыл басшы» - Тастанбеков Кайрат Турсынович «№4 аралас жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директоры;
«Ойшыл басшы» –Мажибаев Ербол «№1 Ю. Гагарин атындағы орта мектеп» КММ директоры.
2. Облыстың шағын жинақты мектеп басшылары арасында:
І орын – Рамазанов Кайрат Токтаубаевич, Күршім ауданы, «Тақыр негізгі орта мектебі» КММ директоры;
ІІ орын - Шакенова Надира Маженовна, Урджар ауданы, «Кішкенетау орта мектеп-бақша» КММ директоры;
ІІІ орын - Абдикаримов Ермек Маулитович, Бородулиха ауданы, «М.Әуезов атындағы орта мектеп» КММ директоры;
Номинациялар бойынша марапатталады:
«Жаңашыл басшы» - Кабылова Жулдыз Адилбековна, «Жарсу орта мектебі» КММ директоры.
Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!