Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру «Абайтану» курсын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» курсы

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру «Абайтану» курсын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері»  курсы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» ӨО ұйымдастыруымен  2020 жылдың 9-15 желтоқсан аралығында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы іс-шаралар жоспары аясында орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері үшін 5-8 сыныптарда «Абайтану» аймақтық элективтік курсын жүргізу әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру «Абайтану» онлайн-курсы өтті.

 Курстың мақсаты – Абай Құнанбаевтың шығармашылық жолын, Мұхтар Әуезов негізін салып кеткен қазақ әдебиетінің іргелі саласы «Абайтану» ілімін оқытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің шеберліктерін жетілдіріп, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Жыл көлемінде кезең-кезеңмен оқуға тартылатын курсқа  Өскемен қаласының жалпы білім бетерін мектептерінің 32 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.Аталған курста «5-8 сыныптарға арналған Абайтану курсы» бағдарламасы мен «Мұғалім кітабының» авторлары, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, профессор Картаева Айжан Маратбековна  және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Глубокое ауданы «Опытное поле орта мектебі» КММ  Абежанова Бигуль Маташовна, Семей қаласы «№16 орта мектеп» КММ Кунафина Гульнар Агзамовна дәріс беріп, курсқа қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырды. Курс соңында тыңдаушылардың әрқайсысы таңдаған тақырыптары бойынша сабақтың қысқа мерзімді жоспарын әзірлеп, қорғады. Бұл маңызы зор біліктілікті арттыру курсының тіл мамандарының болашақтағы жұмысына пайдасын тигізері сөзсіз.