Жаратылыстану- математикалық циклы пәндері бойынша XІІІ Президенттік олимпиада қорытындысы

Жаратылыстану- математикалық циклы пәндері бойынша XІІІ Президенттік олимпиада қорытындысы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 3-4 желтоқсан аралығында жаратылыстану – математикалық циклы пәндері бойынша XІІІ Президенттік олимпиада өткізілді. Олимпиада 11 сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология пәндерін қамтыды.

Олимпиадаға облысымыздың іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

Қорытынды бойынша Шығыс Қазақстан облысының 2 қатысушысы жүлдегер атанды:

ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен:

1) Семей қаласы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 11 сынып оқушысы Халелова Еркежан;

2) Семей қаласы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 11 сынып оқушысы Музаффарова Мансура марапатталды.

Барлық қатысушыларға ҚР БжҒМ «Дарын» РҒПО сертификаттары табысталды.

Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!