
Шығыс Қазақстан Облысының Білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 14 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік –азаттықтың асыл кепілі» тақырыбында облыстық онлайн дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - тәуелсіздік күніне орай тарих пәні мұғалімдерінің іскерлік пікірлесуі, тәуелсіз ел болудың маңызын ашуы, ой таласы негізінде ортақ пікірге келу.
Пікір алмасуға жоғары оқу орнының оқытушылары және облыстың жалпы білім беретен мектептерінің 100-ден аса тарих пәнінің мұғалімі қатысты.
Шараны «Шығыс» өңірлік орталығы директорының орынбасары А.А. Исаев құттықтау сөзімен ашты.
Дөңгелек үстел барысында төмендегі тақырыптар бойынша баяндама жасалды:
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбітгүл Шүршітбайқызы – «Тәуелсіздік –азаттықтың асыл кепілі»;
Өскемен қ. «№35 орта мектеп» КММ, педагог-зерттеуші, тарих пәні мұғалімі Есенбаева Шолпан Закарияновна – «Тәуелсіздік белестері»;
Өскемен қ. «№8 орта мектеп» КММ, педагог, тарих пәні мұғалімі Елюбаева Айгерим Сериковна –«Вехи Независимости»;
Семей қ. «№27 орта мектеп» КММ, жоғары санатты тарих пәні мұғалімі Кемербаева Гулнұр Амантаевна- «Мәңгілік ел» – Тәуелсіз Қазақстанның ұлы мұраты»;
Өскемен қ. «№47 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, педагог-зерттеуші, тарих пәні мұғалімі Исмагулова Эльвира Ермекқызы - ««Рухани жаңғыру» жолында – Тәуелсіздік жетістіктері»;
Семей қ. «№6 орта мектеп» КММ, жоғары санатты тарих пәні мұғалімі Даутбаев Рафаэль Руланович – «Достижения Независимости – на пути «Рухани жаңғыру». Қатысушылар осы тақырыптар негізінде ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Қорытындылау кезіндегі кері байланыс арқылы мұғалімдер шараның мазмұнды болғанын, қажет ақпараттар алғандарын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Дөңгелек үстел қатысушылардың мерекелік көңіл-күйлері және патриоттық сезімінде «Көк тудың желбірегені» әнін орындауымен аяқталды.
Модератор: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері.