
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» ӨО ұйымдастыруымен 2020 жылдың 7-11 желтоқсан аралығында «2018-2020 жылдарға арналған инклюзивті білім беруді дамыту» Жол картасын, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды және дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда Шығыс Қазақстан облысының қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне арналған педагогика кадрларының «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» біліктілігін арттыру курсы өткізілді.
Курстың мақсаты білім алушылардың ерекше оқыту қажеттіліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беруге тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін арнайы жағдайды ұйымдастыру мен құру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.Курсқа мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 450 тәрбиешілер қатысуда.
Аталған курста Өскемен қаласы әкімдігі КММ«Ақ бота» бөбек-жәй балабақшасының директоры, жоғары категориялы маман Саирова Сабира Бияхметовна, Петушкова Елена Валерьевна-«Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған №61 балабақша» КММ директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары, Байрахметова Нургул Есимханқызы – «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» КММ балабақшасының педагог-логопед жоғары категориялы маман, дефектология магистрі, Смагулова Мархабат Кайратовна мүмкіндігі шектеулі топтары бар «Жанартау жеке бөбекжәй балабақшасы» КММ педагог-логопед дәріс беріп, курсқа қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырды.
Бұл маңызы зор біліктілікті арттыру курсының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілер жұмысына пайдасын тигізері сөзсіз.