
2020 жылдың 16 қарашасы мен 9 желтоқсаны аралығында өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық сана-сезімін қалыптастыру, «Жас Сарбаз» сынып оқушыларының дене шынықтыру, әскери-қолданбалы дайындығын жетілдіру мақсатында онлайн-форматта «Алау» облыстық әскери-спорттық ойыны өткізілді.
Әскери-спорттық ойынға 5-9 «Жас Сарбаз» сыныптарының 147 оқушысы қатысты (21 команда) – мектепішілік және аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары.
Командалық сынаққа жарыстардың келесі түрлері кірді:
Әскери-спорттық ойынның қорытындысы бойынша төрешілер алқасы жеңімпаздарды анықтады:
Жас санаты – 5-7 сынып оқушылары:
1 орын – «Үржар» командасы, «Абай атындағы орта мектеп-бақша» КММ, Үржар ауданы;
2 орын – «Жас Сарбаз» командасы, «№ 49 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, Семей қаласы;
3 орын – «Қырандар» командасы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназия» КММ, Семей қаласы.
Жас санаты – 8-9 сынып оқушылары:
1 орын – «Сұңқар» командасы, «Шаңырақ көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ, Риддер қаласы;
2 орын – «Аягөз арландары» командасы, «№ 6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» КММ, Аягөз ауданы, «Қаршыға» командасы, «№ 22 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» КММ, Семей қаласы;
3 орын – «Ақ Бөрі» командасы, «Маяковский атындағы орта мектеп» КММ, Жарма ауданы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық жоспарлар, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!