«Тәуелсіздік -азаттықтың асыл кепілі» облыстық дөңгелек үстелдің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Тәуелсіздік -азаттықтың асыл кепілі»  облыстық дөңгелек үстелдің  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тәуелсіздік мерекесіне орай жалпы білім беретін мектептердің тарих пәні мұғалімдеріне арналған онлайн режимінде «Тәуелсіздік -азаттықтың асыл кепілі» атты дөңгелек үстел өткізіледі. Дөңгелек үстелде келесі сұрақтар: «Мәңгілік ел - Тәуелсіз Қазақстанның ұлы мұраты»; «Тәуелсіздік белестері», «Рухани жаңғыру» жолында - Тәуелсіздік жетістіктері» талқыланады.

Дөңгелек үстелдің мақсаты–тәуелсіздік күніне орай тарих пәні мұғалімдерінің іскерлік пікірлесуі; тәуелсіз ел болудың маңызын ашуы,ой таласы нәтижесінде ортақ пікірге келу.

Дөңгелек үстелдің міндеттері:

  • Пән мұғалімдерінің өзекті мәселе бойынша ізденісін, білім деңгейін арттыру;
  • патриоттық білімді дамыту және нығайту бойынша мұғалімдердің креативті қызметін жетілдіру
  • Дарынды шығармашыл педагогтердің қызметін қолдау, жеке тәжірибесін насихаттау және ШҚО білім басқармасының білім порталына жариялау.

Дөңгелек үстел жұмысына қатысуға жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары, оқытушылары, докторанттары, магистранттары және жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімдері шақырылады.

Ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы.

Өту форматы: онлайн

Өтетін мерзімі: 2020 жыл 14 желтоқсан, сағат 15-00

Іс-шараға жауапты: Абраимова Б.К. ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің әдіскері. Тел.номері 87017677658