«Педагогті әдістемелік қолдау» әдіскерлердің республикалық біліктілікті арттыру курсы

«Педагогті әдістемелік қолдау» әдіскерлердің республикалық біліктілікті арттыру курсы

ҚР білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы 2020 жылдың 9-17 қараша аралығында  academia.kz  білім беру платформасы базасында «Педагогті әдістемелік қолдау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курстың мақсаты - әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша курсты облыстық әдістемелік орталықтарының және қалалық, аудандық әдістемелік кабинеттерінің 150 әдіскері оқыды.

Курс дәрістерін ҚР білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының білікті мамандары және оқулықтың авторлары теориялық білімді практикамен ұштастыра отырып жүргізді.

Курс соңында барлық тыңдаушылар тест тапсырып, қорытындысы негізінде сертификаттар табысталды.