«Оқырман мектеп» жобасының ашылуының басталуы

«Оқырман мектеп» жобасының ашылуының басталуы

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың жас ұрпақты тәрбиелеудегі оқудың рөлін арттыру жөніндегі Қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Оқырман мектеп» жобасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудың кешенді жоспары әзірленді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде кітап арқылы оқуға, әлемді тануға деген қызығушылық мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс екенін атап өтті.

Осы жоспарды іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 30 қарашада барлық білім беру ұйымдарында Тұңғыш Президент күніне арналған «Оқырман мектеп» облыстық жобаның бірыңғай ашылу күні онлайн-форматта өткізілді.

Жобаның ашылуында білім басқармасының басшысы Жумадилова Сайрангул Ахметкаримовна құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара барысында тұңғыш Президент, Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев туралы виртуалды көрмелер, «Кітап оқу – үздік оқыту!» бейне челлендж ұйымдастырылды және оқушылардың мектеп кітапханасына деген қызығушылығын арттыру мақсатында Ұлан ауданының Таврия орта мектебінің тәжірибесі таратылды.

Өскемен және Семей қалаларының «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің сағаттық оқу жобасы жұмыс тәжірибесінен мектеп кітапханашыларына арналған онлайн семинар-көрсетілім өткізілді.

Семинар барысында «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.К. Муратова және директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.С.Алмағанбетов таныстырылым жасады.

Семинарға облыстың білім беру ұйымдарының 200-ден астам кітапханашылары қатысты.

Семинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.

Жоба Facebook, Instagram интернет-парақшаларында және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының арнайы сайтында жарияланды.