Шығыс Қазақстан облысында «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» — РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАЙДЫ!

Шығыс Қазақстан облысында «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» — РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАЙДЫ!

Шығыс Қазақстан облысында «Оқитын ұлт» атты алғашқы республикалық кітап марафонына тіркеу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірлерінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттауға және оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ірі ұлттық бастамалардың біріне айналады.

Кітап марафоны 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуір айына дейін қазақ және орыс тілдерінде екі лига бойынша өткізіледі.

Жоба 7 бағытты қамтиды:

  • «Оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
  • «Оқитын колледж» — колледж студенттері;
  • «Оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
  • «Оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
  • «Оқитын әулет» — отбасылық командалар;
  • «Оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
  • «Оқитын зиялы» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.

Әр қатысушы арнайы қалыптастырылған қордан 15 кітап оқуы қажет. Қорға тиісті бағыттар бойынша іріктелген 330 шығарма енгізілген. Оның ішінде 165 кітап қазақ тілінде және 165 кітап орыс тілінде ұсынылған.

Тізімге отандық авторлардың шығармалары, әлем әдебиетінің классикасы және қазіргі заманғы әдеби туындылар енгізілді. Кітаптарды іріктеу барысында жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары мен әлемдік бестселлерлердің туындылары ескерілді.

Марафонның негізгі кезеңі 2026 жылғы қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурыз айына дейін жалғасады. Осы кезеңде қатысушылар кітаптарды оқып, өз пікірлері мен кітап туралы жазған рецензияларын жеке кабинетінде жариялайды.

2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу және зияткерлік квиздер өткізіледі.

Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтармен марапатталады:

  • 1-орын — 600 000 теңге;
  • 2-орын — 450 000 теңге;
  • 3-орын — 300 000 теңге.

Барлық финалистер дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.