Облыстық онлайн-семинар «Шектеу шаралары кезеңінде бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету»

Облыстық онлайн-семинар «Шектеу шаралары кезеңінде бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылы 26 қарашада ZOOM платформасы арқылы қашықтық форматта «Шектеу шаралары кезеңінде бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Семинар мақсаты-кәсіби шеберлікті арттыру, озық педагогикалық тәжірибені жалпылау, тарату, қашықтан оқыту жағдайында педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету.

Семинарға аудандық/қалалық білім бөлімдерінен және облыс мектептерінен 100-ге жуық бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Семинар барысында «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей» КММ бастауыш сынып мұғалімі, «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпазы, педагог-шебер Н.В.Мельникова «Проектирование современного урока: от цели до результата» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Семинар қорытындысы ретінде кері байланыста мұғалімдер семинардың өте тиімді екенін және  өздеріне қажет ақпаратты алғандарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Семинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына жолданды.

Модератор: Құрмашева Наркес Құрмашқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кабинеті әдіскері.