
2020 жылдың 19-20 қарашасы аралығында онлайн режимде 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады.
Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздарынан - облыстың 700-ден астам оқушысы қатысты. Жас білгірлер математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша онлайн режимде тест тапсырмаларын орындады.
5 сыныптар арасындағы олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің саны 130 оқушы болды (І орын - 18, ІІ орын - 44, ІІІ орын - 68), ал 6 сыныптар арасында 127 қатысушы (І орын - 50, ІІ орын - 36,
ІІІ орын - 41) жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі https://shygysdaryn.kz/blogs/view/2/1609?lang=kz орналасқан.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Табыс пен жеңістер тілейміз!