
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Ұстазым – мақтанышым» жобасы аясында 2020 жылдың 11-13 қарашасы аралығында қашықтан «Үздік биология пәні мұғалімі-2020» конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты – биология пәнінің шығармашыл мұғалімдерін анықтау, ынталандыру және қолдау, биология пәні мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесін тарату және Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде биология пәнін оқыту сапасын арттыру.
Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен биология пәні бойынша аудандық, қалалық кезеңдердің 15 жеңімпазы қатысты.
Комиссия шешімі бойынша байқау жүлдегерлері анықталды:
І орын - Токсеитова Сауле Маратовна, Семей қаласы, "Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия" КММ;
ІІ орын - Мусабаева Динара Дюсупкызы, Өскемен қаласы, «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп лицей-интернаты» КММ;
ІІ орын - Манханова Алтын Канагатовна, Жарма ауданы, «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ;
ІІІ орын - Даулетбаева Айгерим Жастлековна, Бесқарағай ауданы, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектеп» КММ;
ІІІ орын - Нығметжанова Гүлжан Қымбатқызы, Абай ауданы, «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ;
ІІІ орын - Фаимова Гүлден Қанатқызы, Зайсан ауданы, «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ.
Комиссия шешімі бойынша байқау жеңімпаздарына аталым тағайындалды:
«Ғылым жанашыры» номинациясы - Ныгызбаева Гулмира Жанымхановна, Глубокое ауданы, «Д.Қонаев атындағы орта мектебі» КММ;
«Креативті ұстаз» номинациясы - Астаев Шалқар Болатбекович, Тарбағатай ауданы, «Қожагелді батыр атындағы орта-мектебі» КММ;
«Шығармашыл ұстаз» номинациясы - Груздева Светлана Ивановна, Шемонаиха ауданы, «Д.М.Карбышева атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешені» КММ.
Жүлдегерлер Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының І,ІІ, және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, аталым грамоталарымен марапатталды.
Іс-шараға жауапты: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері.