
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың біздің еліміздің мұғалімдеріне балаларға экологиялық сана-сезімді қалыптастыру, үй тазалығы мен гигиена мәдениетін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстан табиғатын қорғаудың айрықша маңыздылығын түсіну қажеттілігі туралы үндеуі аясында 2020-2021 оқу жылының күзгі каникулдар кезінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қашықтықтан 1-6 сынып оқушылары арасында «DARYN ECOART» суреттер мен қолөнер бұйымдарының республикалық экологиялық конкурсын өткізді.
Конкурс екі бағыт бойынша өткізілді:
- туған өлкенің пейзажы мен табиғаты тақырыбында үздік сурет конкурсы.
- қайта өңделген материалдар мен қалдықтардан және т.б. жасалған ең үздік көркем қолөнер конкурсы.
Конкурсқа 16 аймақтан 400-ден астам сұраныс жіберілді.
Конкурстың қорытындысы бойынша біздін облысымыздың 2 оқушысы Думанқызы Айзере, Аспандияр Карина (Бесқарағай ауданы, «Шығармашылық ұйі») жүлдегерлер атанып, «Дарын» РҒПО I, III дәрежелі дипломдарын иеленді, сондай-ақ 5 оқушыға грамоталар табысталды:
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқушыларға жаңа жетістіктер тілейміз!