
2020 жылдың 5 қарашасында ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне арналған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде тәрбиелеу және оқыту жүйесін ұйымдастыру» облыстық онлайн семинар-практикум өткізді.
Іс-шараның мақсаты - Өскемен қаласының «Меновное орта мектебі» КММ ұжымының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жаңашыл педагогикалық тәжірибесін жинақтау және тарату, білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне рухани-адамгершілік тәрбие саласында әдістемелік қолдау көрсету.
Семинар барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары., Букбаева Алтынгуль Батихановна, педагог –психолог., Никифорова Татьяна Михайловна, өзін-өзі тану мұғалімдері - Дукенбаева Алия Нурсаиновна, Омарова Асель Мураткановна, Друска Ольга Ивановна өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
Шараға облыстың білім беру ұйымдарының 100-ден астам педагог қызметкерлер қатысты.