«Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында «Дене шынықтыру» және «Алғашқы әскери технологиялық дайындық» пәндерін қашықтан оқытудың ерекшеліктері» онлайн-семинары

«Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында «Дене шынықтыру» және «Алғашқы әскери технологиялық дайындық» пәндерін қашықтан оқытудың ерекшеліктері»  онлайн-семинары

2020 жылғы 12 қарашада ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы онлайн режимде дене шынықтыру және АӘТД пәндерінің мұғалімдеріне үшін «Білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру жағдайында қашықтықтан оқыту ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Дене шынықтыру», «АӘТД» сабақтарында қашықтан оқыту іс-тәжірибесімен бөлісу.

Семинар барысында облыстық пән мұғалімдері, ассоциация  мүшелері: Мұқатаева Қарлығаш Құндызбекқызы педагог-зерттеуші, Семей қ. «№12 орта мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі «Қашықтан оқыту кезінде дене шынықтыру сабағында LearningApps қызметін қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында және Жұрқабаев Мүслім Хасенұлы педагог-зерттеуші, Ұлан ауданы «Бозанбай орта мектебі» КММ АӘТД пәні мұғалімі «АӘТД сабақтарында қашықтан оқытудың заманауи тәсілдері мен әдістері. «GOOGLE CLASSROOM» қызметін пайдалану» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінен 100 мұғалім қатысты.

Онлайн-семинар барысында мұғалімдер қашықтан оқыту форматында оқушылардың ынтасын арттыру бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар мен ұсыныстар алды.

Модератор: Аженев Кенес Карасаевич ШҚО ББ, «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасыныңи мониторингі кабинетінің әдіскері.