
2020 жылғы 10 қарашада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы штаттық режимде жұмыс істеп жатқан мектептер үшін «Шағын жинақталған мектептердің біріктірілген сыныптарында математикадан білім сапасын арттыру жолдары» әдістемелік онлайн-семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты - сапалы білімді арттырудың тиімді жолдары және білім мазмұнын жаңарту бағдарламасын іске асыру аясындағы математика пәнінен біріктірілген сыныптарда шағын жинақталған мектептің іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату.
Онлайн-семинар барысында жұмыс тәжірибесі ұсынылды:
- критериалды бағалау бойынша Өскемен қаласының НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері және Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Д.К.Турганбаева «Критериалды бағалауды жүзеге асыру»;
- Үржар ауданы, «Қызылбұлақ орта мектебі» КММ педагог-шебері, математика пәнінің мұғалімі Б. Ж. Омарова біріктірілген сыныптарда тиімді оқыту әдістері бойынша 5-6 сыныптарда «Математика» бөлімдері бойынша «Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану» және «Тік бұрышты координаталар жүйесіне есептер шығару»;
- 7-8 сыныптар үшін «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру» және «Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру» тақырыптарында Катонқарағай ауданының «Юбилейная орта мектебі» КММ педагог-зерттеуші, математика пәні мұғалімі Күлжикен Мусан іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне жолданды.
Іс-шараға облыстың және аудандардың шағын жинақталған мектептерінен 100-ден астам математика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Модератор: Бошаева Гульнара Манашевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасының мониторингі кабинетінің шағын жинақталған мектептерді дамыту бойынша әдіскері.