
2020 жылдың 9 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы аудандық, қалалық білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің басшыларына, директорлардың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына «Үздік педагог 2020» атағын иеленушілердің тәжірибесін тарату аясында «Педагог мәртебесі – табыстың маңызды факторы» атты онлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - кәсіби шеберлікті жетілдіру, жинақтау, озық педагогикалық тәжірибені тарату, қашықтықтан оқыту жағдайында мұғалімдерді әдістемелік қолдау.
Аталған іс-шараға 100-ден астам аудандық, қалалық білім бөлімдері әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, жалпы білім беретін мектептер мен облыстың білім беру ұйымдары директорларының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар модераторы - Кенжебаева Алма Тлеуханқызы, ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту кабинетінің жетекшісі, семинардың басында «Үздік оқытушы-2020» байқауының облыстық және республикалық кезеңінің нәтижелерімен таныстырды, қатысушылардың назарын осы мәселеге қатысты нормативті құқықтық актілерге аударды.
Онлайн - семинар барысында «Үздік педагог 2020 » иегерлері Бородулиха ауданы «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ тарих және құқық пәнінің мұғалімі Елюбаев Қанат Амангелдіұлы «Білім сапасын арттыруға ықпал ететін оқытудың инновациялық әдістерін қолдану» тақырыбында және Семей қаласындағы «№37 гимназиясы» КММ математика пәні мұғалімі, Сағатбекова Жанар Қаликанқызы «Оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, оқыту және тәрбиелеу практикасына зерттеу жүргізу» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысы ретінде кері байланыста мұғалімдер семинардың өте тиімді екенін және өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап , ризашылықтарын білдірді.
Семинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына жолданды.