«Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында «Дене шынықтыру» және «АӘТД» пәндерін қашықтан оқытудың ерекшеліктері» онлайн-семинардың БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Жаңартылған білім беру мазмұнын іске асыру жағдайында «Дене шынықтыру» және «АӘТД» пәндерін қашықтан оқытудың ерекшеліктері»  онлайн-семинардың БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру» және «АӘТД» пәндері қауымдастықтығының жұмысы аясында «Білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру жағдайында қашықтан оқытудың ерекшеліктері» атты онлайн-семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты - білім мазмұнын жаңарту аясында «Дене шынықтыру», «АӘТД» сабақтарында қашықтан оқыту тәжірибесін тарату.

Онлайн-семинар барысында облыстық қауымдастықтың мүшелері өз тәжірибелерімен бөліседі:

Мұқатаева Қарлығаш Құндызбекқызы - Семей қаласының «№12 орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Қашықтықтан оқыту кезінде дене шынықтыру сабағында Learning Apps қызметін қолдану мүмкіндіктері» тақырыбымен;

Журкабаев Муслим Хасенович - Ұлан ауданы «Бозанбай атындағы орта мектебі» КММ, АӘТД пәнінің мұғалімі, педпгог-зерттеуші «АӘТД сабақтарында қазіргі заманғы әдістері мен қашықтан оқыту әдістері. «GOOGLE CLASSROOM» қызметін пайдалану» тақырыбымен тәжірибе бөліседі.

Онлайн-семинар ZOOM платформасы арқылы 2020 жылдың 12 қарашасында сағат 14.00-де өтеді.

Жауапты: Аженев Кенес Карасаевич, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасының мониторингі кабинетінің әдіскері, тел. 87778530652.