«Робототехника, бағдарламалау және 3D модельдеу бойынша тапсырмаларды әзірлеу» әдістемелік онлайн-алаң

«Робототехника, бағдарламалау және 3D модельдеу бойынша тапсырмаларды әзірлеу» әдістемелік онлайн-алаң

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің информатика пәні мұғалімдеріне арналған "Информатика" пәні қауымдастығының жұмысы аясында «Робототехника, бағдарламалау және 3D модельдеу бойынша тапсырмаларды әзірлеу» әдістемелік онлайн-алаңын өткізеді.

Семинардың мақсаты-робототехника, бағдарламалау және 3D модельдеу бойынша тапсырмаларды практикалық қолдану бойынша тәжірибе алмасу.

Онлайн-семинарда облыстық Қауымдастық мүшелері: Старожилова Н.В., КММ «Н. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия», Шемонаиха ауданы, А.В. Баронина, КММ «№1 Самар орта мектебі» Көкпекті аудандарының информатика пәндерінің мұғалімдері бағдарламалау элементтері арқылы оқытудың интеграцияланған тәсілі бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөліседі..

Әдістемелік онлайн-алаң 2020 жылдың 11 қарашасында өтеді.

Өткізу уақыты-сағат 10.00. (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін).

Іс-шараға жауапты: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің математика, физика, информатика пәні бойынша әдіскері, тел.номері 87774966377.