2020 жылдың 4-13 қарашасы аралығында облыстың барлық аймақтарының 1-7 сынып оқушыларының жас зерттеушілері республикалық «Зерде» зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңіне қатысады.
Конкурстың мақсаты: оқушылардың зерттеушілік және оқу-танымдық белсенділігін дамыту және қолдау, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу.
Зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын жас зерттеушілер өздерінің жұмыстарын филология, тарих, техника және жаратылыстану ғылымдары, сонымен қатар медицина және психология саласында ұсынады.
4 қарашада «Қазақ тілі және әдебиеті» секциясы бойынша қатысушылар жобаларын қорғады, конкурстың қорытындысы бойынша 21 қатысушы жеңімпаз атанды.
I дәрежелі дипломмен 4 қатысушы (4 жоба), II орын – 8 қатысушы (7 жоба), ІІІ орын – 9 қатысушы (8 жоба) марапатталды.
Жеңімпаздар тізімі қоса беріледі.
Жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға одан әрі табыс тілейміз!