
2020 жылы 3 қарашада бір күнде онлайн режимде 9 сынып оқушылары арасында химия пәнінен Қаныш Сәтбаев атындағы IV республикалық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Олимпиадаға Республиканың әр өңірінен 60- тан астам оқушы қатысты. Облысымыздың намысын жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық жасөспірімдер олимпиадасының 3 жүлдегері қорғады.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
1) ІІ дәрежелі дипломмен - Алтай қаласы №8 орта мектептің 9-сынып оқушысы Полосина Вероника;
2) ІІІ дәрежелі дипломмен - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім- Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы Мамырбеков Бекболат;
3) ҚР БжҒМ «Дарын» РҒПО мадақтамасымен Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы Толеуов Алимжан марапатталды.
Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!