
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін қазақ тілде оқытатын мектептерінің музыка және көркем еңбек мұғалімдері үшін «Музыка» және «Көркем еңбек» пәндері қауымдастықтарының жұмысы шеңберінде «Праксис - жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мұғалімдерге кәсіби қолдау» онлайн- семинарын өткізеді.
Праксис - жоспарға сәйкес мақсатты әрекеттерді жүзеге асыра білу.
Семинардың мақсаты - мектеп оқушылары үшін өзіндік және шығармашылық оқытуды дамытуға бағытталған тәсілдерді жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу.
Онлайн-семинар барысында облыстық қауымдастық мүшелері тәжірибелерімен бөліседі:
Алханова Ж.Р., жоғары санатты музыка мұғалімі, «О Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі» КММ, Өскемен қаласы;
Кащей А.К. - жоғары санатты музыка мұғалімі «Марсеков атындағы орта мектеб» Ұлан ауданы.
Өткізу уақыты - 2020 жылғы 6 қараша, сағат 16.00-де.
Іс-шараның форматы - қашықтан, ZOOM платформасы арқылы жүзеге асырылады.
Жауапты: Амурбаев Манар Закенович, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасының мониторингі кабинетінің әдіскері, тел. 87776747735.