
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні мұғалімдері үшін «Атамекен» қауымдастығы жұмысы шеңберінде «Білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» әдістемелік онлайн-семинарын өткізеді.
Семинардың мақсаты - мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірибені тарату, білім алушылардың танымдық іс-әрекет процесінде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқу материалын шығармашылықпен игеруді дамытатын оқу процесін ұйымдастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттер мен тәсілдерді қалыптастыру.
Онлайн-семинарда облыстық қауымдастық мүшелері: Маутхан Ләззат - Өскемен қаласы әкімдігінің «Шәкәрім атындағы №1орта мектеп» КММ І санатты тарих пәні мұғалімі,; Орамалова Айзат Женискановна - Өскемен қаласы әкімдігінің «№43 Қ.Нұрғалиев атындағы мектеп-лицей» КММ педагог-шебер, тарих пәні мұғалімі және Чекетаева Роза Сарқытбековна, т.ғ.к, «Өрлеу БАҰО» АҚ ШҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы, өз іс- тәжірибелерімен бөліседі.
Сөйлеушілер «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөліседі, қашықтықтан оқыту жағдайындағы сабақтың үздік үзінділерін ұсынады.
Әдістемелік онлайн-семинар 2020 жылдың 5 қарашасында өтеді.
Өткізу уақыты - 12.00 сағ.