Бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының қызметі аймақаралық деңгейде

Бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының қызметі аймақаралық деңгейде

«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің әдістемелік кабинеті 2020 жылы 29 қазанда сағат 16:00-де «Пән мұғалімдерінің қауымдастығы педагогикалық тәжірибені нығайтатын кеңістік ретінде» оқу-әдістемелік кеңесінің отырысын өткізді.

Іс-шара бағдарламасында Шығыс Қазақстан облысының бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының қызметін «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ директорының орынбасары, «Үздік мұғалім-2019» атағының иегері Тинкова Светлана Юрьевна таныстырды.

Ол «Soft skills of teachers дамытудағы бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының рөлі» баяндамасын ұсынды.

Светлана Юрьевнаның сөйлеген сөзі жиынға қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.