
Шығыс Қазақстан облысының командасы 2020 жылғы 6-8 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Фортепиано» бөлімдерінің жас музыкант білім алушылары мен балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің хор ұжымдарының 53 – ші республикалық конкурсына қатысты.
Фестиваль қорытындысы бойынша біздің команданың қоржыны екі ІІ орын, бір ІІІ орынмен толықты және хор ұжымы «Дарынды ұжым» номинациясына ие болды.
Балаларға жаңа жетістіктер, орындаушылық шеберлік пен тұлғаның шығармашылық дамуын тілейміз!