2025 жылғы 19 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың қатысуымен «Жұмысшы мамандықтар жылы: қорытындылар, жетістіктер және жаңа мүмкіндіктер» атты облыстық форум өтті.
ШҚО Білім басқармасы ұйымдастырған форум өндіріс өкілдерін, әлеуметтік серіктестерді, колледждер мен білім алушыларды бір алаңға біріктірген маңызды іс-шара болды. Бұл еңбекке деген құрметті, кәсіби шеберлікті және нақты нәтижелерді дәріптеген мерекелік жиынға айналды.
Форум барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің даму қорытындылары шығарылып, Жұмысшы мамандықтар жылын іске асыруға елеулі үлес қосқан әлеуметтік серіктестер мен білім беру ұйымдарының еңбегі атап өтілді.
🎖 Салтанатты бөлімде облыс әкімі белсенді әлеуметтік серіктестерді, кәсіпорындарды, жоғары оқу орындары мен колледждерді марапаттады:
•«Жылдың үздік меценаты» номинациясы — «Қазцинк» ЖШС;
•«Үздік әлеуметтік серіктес», «Үздіксіз білім берудің серіктесі», «Жылдың белсенді колледжі» номинацияларының жеңімпаздары анықталды;
•ШҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Профи-Серіктес» наградасымен марапатталды.
🏆 WorldSkills, AgroSkills, Abilympics–2025 республикалық чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға ерекше көңіл бөлініп, оларға облыс әкімі атынан бағалы сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ форум аясында еңбек нарығын одан әрі дамытуға бағытталған маңызды құрал — Шығыс Қазақстан облысының кадрлық қажеттіліктерінің өңірлік картасы таныстырылды.
Форум еңбек адамы мен кәсіби шеберлікті дәріптеген әсерлі концерттік бағдарламамен қорытындыланды.