«Арнайы білім беру: заманауи трендтер және одан болашақтағы векторы» арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы педагог қызметкерлердің республикалық форумы

«Арнайы білім беру: заманауи трендтер және одан болашақтағы векторы» арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы педагог қызметкерлердің республикалық форумы

«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ 2025 жылғы 18-19 желтоқсанда «Арнайы білім беру: заманауи трендтер және одан болашақтағы векторы» арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы педагог қызметкерлердің республикалық форумын өткізді.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының 30 өкілі қатысты. Семинарда дамуында әртүрлі бұзылыстары бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, есту және көру қабілетінің бұзылыстары, сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары, сондай-ақ тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары талқыланды. Қатысушылардың ерекше назары оқытудың заманауи және практикаға бағытталған әдістеріне, ерте қолдау көрсету мен сүйемелдеуді ұйымдастыруға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың кәсіби бағдарлануы мен кәсіби өзін-өзі анықтауына, сондай-ақ инновациялық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллект элементтерін пайдалануға және ерте жастан бастап кәсіби білім алуға дейінгі үздіксіз білім беру моделінің тиімді тетіктерін іздестіруге аударылды.

Шығыс Қазақстан облысынан іс-шараға спикер ретінде  «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ директорының бейіндік жұмыс жөніндегі орынбасары, бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі - Кравченко Валентина Валерьевна қатысып «Негізгі және қосымша білім берудің интеграциясы жағдайында өнер арқылы көру қабілеті бұзылған балаларда кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыру» тақырыбында, Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің «Күншуақ» арнайы балабақшасы» КМҚК әдіскер-психологі - Жақбарова Ақтоты Булгуновна «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балабақша тәрбиеленушілерінің сөйлеу қабілеттерін жасанды интеллект арқылы дамыту» тақырыбында үздік тәжірибелерімен бөлісті.