«Колледж барысы» жарысы

«Колледж барысы» жарысы

2025 жылғы 18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының «Білім басқармасы» ММ және «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ Жоғары колледжі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай колледж студенттері арасында «Қазақ күресі» бойынша «Колледж барысы – 2025» облыстық турнирін өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық спорт түрлерімен айналысуға тарту арқылы жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру болып табылады.

Жарысқа 15 колледжден 26 спортшы қатысты.

Жарыс нәтижелері:

- 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде:

1 орын – Асхатұлы Расул («Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі»)

2 орын – Аманбек Рамиль («С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Жоғары колледжі»)

3 орын – Қалымбек Дарын Жақсылықұлы («Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжі»)

3 орын - Ақайдарұлы Ислам («Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі»)

 

- 80 кг жоғары салмақ дәрежесінде:

1 орын – Арманұлы Асанали («Өскемен жоғары медицина колледжі»)

2 орын – Кенжебаев Нұрәділ («С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Жоғары колледжі»)

3 орын – Болатов Мәди («Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі»)

3 орын - Мырзабек Ринат («Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі»)