Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Қауымдастығының бірінші отырысы

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Қауымдастығының бірінші отырысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» ӨО ұйымдастыруымен 2020 жылғы 21 қазанда «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Қауымдастығының» бірінші отырысы өтті.Отырысқа облыстың барлық аудандарынан 40-қа жуық адам (Қауымдастық жетекшілері мен аудандық білім бөлімі әдіскерлері) қатысты.

Қауымдастық отырысында 2020-2021 оқу жылында атқарылатын жұмыстың мақсаты мен міндеттері анықталып, жұмыс жоспары бекітілді. Сондай-ақ, жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетудің жолдары мен нәтижесі және шектеу мерзімі кезіндегі оқушы білімін бағалауды ұйымдастыру, оқу мақсаттарын қамту мәселесі де сөз болып, мұғалімдер  Каженова А.М. (Өскемен қаласы әкімдігінің "№32 орта мектебі" КММ), Матанова А.. С. (КММ "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы", Жарма ауданы),  Конакаева Ж.Б. ("М.Әуезов орта мектебі" КММ, Абай ауданы) ой бөлісті.

Біз Қауымдастық отырысына қатысушыларға алғысымызды білдіріп, алда нәтижелі жұмыстар атқарады деп үміттенеміз.