Марқакөл ауданы орталығында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің салтанатты ашылуы

Марқакөл ауданы орталығында психологиялық-педагогикалық  түзеу кабинетінің салтанатты ашылуы

2025 жылдың 10 желтоқсанында Марқакөл аудандық орталығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды – бұл аудан үшін маңызды оқиға. Салтанатты шараға білім басқармасының басшы орынбасары Ж. Әліпбаев, аудан әкімі Р. Н. Кемешев, аудандық білім бөлімінің басшысы Г. К. Мұсаханова, басқа органдардың өкілдері, сондай-ақ балалар мен олардың ата-аналары қатысты. Бұл қуанышты сәтте шақырылған қонақтар мен ата-аналар өз ізгі тілектерін білдірді.

Мекеменің негізгі мақсаты — баланың дамуына қатысты мәселелерді шешуге көмек көрсету және оны балабақша немесе жалпы білім беретін мектептерде әлеуметтік ортаға бейімдеуге дайындау. 0-ден 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетіледі, ал ата-аналар білікті мамандар командасынан уақытылы кеңес ала алады. Бір курс барысында мамандар 40-тан астам баламен жұмыс жүргізе алады.

Жаңа кабинет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қажеттіліктерін ескере отырып толық жабдықталған. Ғимаратта кедергісіз орта жасалған: пандустар орнатылған, есік ойықтары кеңейтілген, тактильді белгілер қойылған. Логопед, психолог және дефектолог кабинеттері, Монтессори сыныбы, емдік дене шынықтыру залы мен музыка-ырғақ сабақтарына арналған бөлме жабдықталған. Балаларға арналған сенсорлық бөлме, сондай-ақ қысқа мерзімді болу тобына арналған бөлме қарастырылған. Мұндай инфрақұрылым баланың жан-жақты дамуына қажетті кешенді жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Кабинет жұмысының негізгі бағыты — балалардың дағдыларын дамытуға, мінез-құлқын түзетуге және эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған жеке және топтық сабақтарды өткізу болып табылады. Бұл олардың инклюзивті ортада білім алуына және қоғамға табысты бейімделуіне жағдай жасайды. Кабинет ұсынатын қызметтер тегін және тұрғылықты жері бойынша қолжетімді, бұл ерекше білім беру қажеттіктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін қолжетімділікті арттырады.

 

Орналасқан жері: Марқакөл ауданы, Марқакөл ауылы, Крахмаль көшесі, 55

Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, сағат: 08:00–17:30

Байланыс телефоны: +7 (771) 402-25-20