
2025 жылдың 5-10 желтоқсан аралығында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» педагогтердің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру, заманауи инновациялық білім беру технологияларын анықтау және тарату, жаңашыл мұғалімнің құрылымдық және мағыналы моделін әзірлеуге бағытталған «Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқаудың облыстық кезеңін өткізді.
Байқауға аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары атанған 125 педагог қатысты.
Облыстық кезеңде 5 бағыт бойынша жеңімпаздар анықталды:
І. «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» -6 педагог.
ІІ. «Шеберлік палитрасы» бағыты
а) Физика-математика бағытындағы пәндер -6 педагог.
б) Ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша (химия, биология, география) - 6 педагог.
в) Қоғамдық –гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті) - 6 педагог.
д) Қоғамдық –гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша (шет тілдері) - 6 педагог.
е) Ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бағытындағы пәндер бойынша – 2 педагог.
ё) Қолданбалы цикл – 6 педагог.
ІІІ. «Шығармашыл толқын» - 6 педагог
Ережеге сәйкес бірінші дәрежелі диплом иегерлері «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсына қатысады.
Конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз!