
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұстазым-мақтанышым» жобасы аясында биология пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік биология пәні мұғалімі-2020» облыстық конкурсын өткізеді.
Өтетін орны: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО.
Өткізу форматы: қашықтықтан.
Өтетін мерзімі: 2020 жылдың 11-13 қараша аралығы.
Ұйымдастырушы: оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинеті ШҚО ББ «Шығыс» ӨО.
Конкурстың мақсаты – биология пәнінің шығармашыл мұғалімдерін анықтау, ынталандыру және қолдау, биология пәні мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесін тарату және Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде биология пәнін оқыту сапасын арттыру. Конкурсқа аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары қатысады.
Міндеттері:
Конкурс ережесіне сәйкес қатысушыларға төмендегідей тапсырмалар ұсынылады:
Жүлдегерлер Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және сертификаттармен марапатталады.
Іс-шараға жауапты: Нұрбекова Аяулым Нұрбекқызы, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің биология пәні бойынша әдіскері, тел.номері 87782422152