
Облыстық «Үздік ауыл мұғалімі -2020» байқауы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасының аясында өткізіледі.
Өтетін орны: қашықтықтан «Шығыс» ӨО ББ ШҚО.
Өтетін мерзімі: 29 қазан -3 қараша 2020 жылы.
Ұйымдастырушылар: оқыту мазмұны және білім беру сапасының мониторинг кабинеті ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы.
Мақсаты: облыстың шағын жинақталған мектептерінің шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерін анықтау, ынталандыру және қолдау, мұғалімдердің педагогикалық озық тәжірибесін тарату, сонымен қатар оқытудың сапалы деңгейін арттыру.
Міндеттері:
«Үздік ауыл мұғалімі -2020» байқауы екі кезеңнен тұрады:
бірінші кезең – аудандық (қалалық): өткізу мерзімі 2020 жылдың 20 қазанына дейін;
екінші кезең – байқаудың облыстық кезеңі: өткізу мерзімі 2020 жылғы 29 қазаннан -3 қараша дейін.
Байқау барысында шағын жинақталған мектеп мұғалімдерінің кәсіби қасиеттері мен жоғары шығармашылық әлеуеті анықталады. Байқау келесі тапсырмаларды қамтиды:
Жеңімпаздар ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады және қатысқан мұғалімдерге сертификаттар беріледі.
Жоспарланған қамту - 500 адам.
Іс-шараға жауапты: Бошаева Гульнара Манашевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім беру сапасының мониторинг кабинетінің шағын жинақталған мектептерді дамыту бойынша әдіскері, ұялы телефон 87772380925.