
Шығыс қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 22-24 қыркуйекте ұлдар мен қыздар арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған гір спортынан 2004 жылы туған және одан кіші мектеп оқушылар арасындағы облыстық қашықтық жарысы өткізілді.
Жарыстың мақсаттары мен міндеттері
Жарыс шарты бойынша салмақ дәрежесі:
Ұлдар арасында: 53 кг., 58 кг., 63 кг., 68 кг., 73 кг., 78 кг., 85 кг, +85 кг. (гір тасы 16-24 кг. коэф. 2,5)
Қыздар арасында: 58 кг., 63 кг., +63 кг. (гір тасы12-16 кг. коэф. 2,0).
Гір спортынан облыстық қашықтық жарысына Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларынан 60 оқушы қатысты. Соның ішінде 33 қатысушы жүлделі орынға ие болды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!