
Шығыс Қазақстан облысында жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында 2025 жылғы 26 қарашада «Кәсіпорындармен серіктестік: дуальды оқытудың тиімді стратегиялары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Іс шараға ШҚО Кәсіпкерлер палатасының, білім басқармасының, әлеуметтік серіктес кәсіпорындардың өкілдері, колледж директорлары мен оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында қатысушылар дуальды оқытуды енгізудегі тәжірибелерімен алмасып, жүйенің қазіргі жағдайын және оның даму мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырды.
Талқылау нәтижесінде колледждер мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, еңбек нарығының сұранысына сай білім беру бағдарламаларын жаңарту, студенттердің тәжірибелік даярлығын арттыру қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар жұмысшы мамандықтарын кеңінен дәріптеу және жастардың техникалық бағыттарға қызығушылығын арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.