«Әр баланың мүмкіндігі бар: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуетін мамандардың бірлескен жұмысы арқылы дамыту» облыстық кейс-конференциясы

«Әр баланың мүмкіндігі бар: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуетін мамандардың бірлескен жұмысы арқылы дамыту» облыстық кейс-конференциясы

2025 жылдың 19 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Өскемен қаласындағы № 41 жалпы білім беретін мектеп базасында «Әр баланың мүмкіндігі бар: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың әлеуетін мамандардың бірлескен жұмысы арқылы дамыту» облыстық КЕЙС-КОНФЕРЕНЦИЯ өткізді.

Конференция ағымдағы жылдың қазан айында Алматы қаласында өткен Бірінші Дүниежүзілік инклюзия конгресі мен 19 қараша Халықаралық дефектолог күні аясында ұйымдастырылды.

Шараға ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары, Қозыбаева Бұлбұл Жомартовна, ШҚО денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары, Мырзабекова Мадина Мырзабековна, Бала құқықтары жөніндегі ШҚО өңірлік уәкілі, Каленова Аксана Александровна, ШҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Раимбекова Ботагоз Акатаевна, сондай-ақ жоғарғы оқу орандарының, мектептер мен колледждердің директорлары, педагогтер, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ата-аналар қаумдастығының өкілдері қатысты. Барлығы 140-тан астам адам қамтылды.

Шараның негізгі мақсаты - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау жүйесінде білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының арасындағы ведомстволық өзара іс-қимылды жетілдіру, инклюзивті мәдениетті қалыптастыру, мамандардың бірлескен жұмыс стратегияларын талқылау, тәжірибе алмасу, өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын қарастыру.

Конференция пленарлық және практикалық бөлімдерден тұрды. Практикалық бөлім 4 секциялық шеберлік сыныптарды қамтыды.

Шара барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың шығармашылық жұмыстары мен спорт және өнер саласындағы жетістіктері, сондай-ақ педагогтердің кәсіби табыстары ұсынылған көрме ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, конференция қатысушылары «Асыл Мирас» аутизм спектрінің бұзылысы бар балаларды қолдау орталығында болды.

Шара аясында арнайы және инклюзивті білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін 18 арнайы педагог (дефектолог, логопед) Шығыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Іс-шара №19 мектеп-қосымша білім беру орталығында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың концерттік бағдарламасымен аяқталды. Конференция қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.