Мектеп оқушылары Өскемен ГЭС базасында экскурсияда

Мектеп оқушылары Өскемен ГЭС базасында экскурсияда

Жұмысшы мамандықтар жылының іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында 2025 жылғы 19 қараша күні ШҚО Кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласының №13 орта мектеп оқушылары Өскемен ГЭС кәсіпорнына экскурсия жасады.

Оқушылар сұранысқа ие жұмысшы мамандықтармен танысып, кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын бақылады. Энергетика саласы мамандарының негізгі қызметтері және болашақтағы кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы пайдалы ақпарат алды.