Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыстарын іске асыру

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыстарын іске асыру

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 19 қарашада  аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарларына «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыстарын іске асыру» тақырыбында онлайн форматта әдістемелік сағат өтті.

Әдістемелік отырыс барысында 2025–2026 оқу жылында білім беру ұйымдарындағы АПҚО қызметіндегі жаңа өзгерістер, ата-ана мен мектеп арасындағы сенімді қарым-қатынас, оқушының әлеуметтену процесін жақсарту және «Досболlike» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша әдістемелік көмек берілді.

Кері байланыс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.