
Бүгінде білім сапасы көбінесе оқушының функционалдық сауаттылық деңгейімен анықталады. Теориялық білімдердің өзі жеткіліксіз: басымдық оларды тәжірибеде қолдану қабілетіне және нақты өмірлік жағдайларда әрекет ету дағдысына ауысып келеді.
КММ «Шығыс Қазақстан өңірлік информатизация және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Örken» НЗМ ЖМБ, Өскемен қаласының физика пәні мұғалімі Макашина Кристина Александровнамен бірлесіп, орыс тілінде оқытатын мектептердің физика пәні мұғалімдеріне арналған «PISA форматындағы әртүрлі деңгейлі тапсырмалар арқылы жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту» тақырыбында вебинар өткізді.
Аталған семинар-практикум жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша (физика) теориялық білімдерді PISA тапсырмалары форматында практикалық тұрғыда қолдануға, сондай-ақ талап етілетін тақырыпқа сәйкес өздік тапсырмалар әзірлеу әдістемесін меңгеруге бағытталған.
Семинардың мақсаттары:
- қатысушылардың ғылыми және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық деңгейін арттыру;
- PISA зерттеуінің бағалау критерийлері мен негізгі аспектілерімен таныстыру;
- физиканы оқытуда PISA форматындағы тапсырмаларды өздігінен құрастыру арқылы тиімді әдістемелік дағдыларды дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушы:
- академиялық қажеттіліктерді ескере отырып, ғылыми сауаттылықты дамытуға бағытталған оқу тапсырмаларын әзірлеуде алған білімдерін қолдана алады;
- нақты өмірлік жағдайларға, пәнаралық байланыстарға және білімді практикалық қолдануға бағытталған PISA форматындағы физика тапсырмаларын өздігінен құрастыру алгоритмін меңгереді;
- түрлі деңгейдегі сұрақтарды тұжырымдауды және оларға бағалау критерийлерін әзірлеуді үйренеді;
- физика пәні бойынша оқу үдерісінде PISA тапсырмаларын қолдануға қатысты әдістемелік құзыреттілігін арттырады;
- оқушылардың XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру мақсатында әзірленген материалдарды педагогикалық тәжірибесіне енгізе алады.
PISA әдістемесі негізінде әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды әзірлеу ғылыми және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты қалыптастыруға, сыни ойлауды, проблемаларды шешу дағдыларын және ғылыми білімді нақты жағдайларда қолдану қабілетін дамытуға ықпал етеді.