
2025 жылғы 19 қарашада ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Тәлімгерлік – жас маманды кәсіби қолдаудың тиімді түрі» тақырыбында атты облыстық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – тәлімгер мен жас ұстаз арасындағы өзара байланыс пен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ете отырып, жас ұстаздың кәсіби тұрғыдан жетілуіне көмек көрсету жолдарын қарастыру.
Семинар барысында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Д.А. Какетаева «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар» ережесімен таныстырды. Сондай-ақ, ШҚО ББ Өскемен қалалық ББ «Ы. Алтынсарин атындағы №39 орта мектебі» КММ-нің информатика мұғалімі М.Г. Дмитриева, ШҚО ББ Тарбағатай аудандық ББ «Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі Г.М. Абдрахманова, ШҚО ББ Ұлан аудандық ББ «Асубұлақ орта мектебі» КММ-нің физика мұғалімі А.Б. Сарсембаева, ШҚО ББ Риддер қалалық ББ «Д. Қонаев атындағы №3 орта мектебі» КММ-нің орыс тілі пәні мұғалімі М.А. Чудиновская өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында Д.А. Какетаева қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілеріне тәлімгерлік бойынша негізгі нормативтік құжаттарды ұсынды. Іс-шараға облыстың аудан, қала мектептерінің педагог-тәлімгерлері - барлығы 120 адам қатысты.