
ШҚО ББ «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми - әдістемелік орталығы» КММ 2025 жылдың 28 қараша күні «Үздік өлкетану сабағы-2025» облыстық байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың жергілікті тарих, табиғат, мәдениет, тұлғалар туралы білімдерін тереңдету, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз еліне, жеріне деген патриоттық рухта тәрбиелеу, мұғалімдердің іс-тәжірибелерін тарату. .
Байқау 2 кезеңнен тұрады.
І кезең - аудандық/қалалық. 2025 жыл, 28 қазан - 21 қараша.
ІІ кезең - облыстық. 2025 жылғы 28 қараша.
Өтетін орны: Абай даңғылы 21, 4 қабат, конференц зал сағат 09.00.
Өткізілетін мерзімі: 2025 жыл, 28 қараша
Байқауға қатысушылар: Шығыс Қазақстан облысының жалпы орта білім беру ұйымдарының «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» («Қазақ тілі мен әдебиеті») қазақ тілінде оқытпайтын мектептерге арналған), «География», «Музыка» пәндері мұғалімдері.
Өткізілу тілі: қазақ, орыс (оқыту тіліне орай)
Жауапты А. Ж. Билялова (87055014271)