Аягөз ауданы психологтар қауымдастығының, Семей қаласы тарих мұғалімдері қауымдастығының жұмысы туралы облыстық online-семинар

Аягөз ауданы психологтар қауымдастығының, Семей қаласы тарих мұғалімдері қауымдастығының жұмысы туралы облыстық online-семинар

ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2020 жылдың             16 қазанында облыстық onlinе-семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты - Аягөз ауданы психологтар қауымдастығының және Семей қаласы тарих мұғалімдері қауымдастығының тәжірибесін тарату.

Жұмыс тәжірибелерімен бөлісті:

Аубакирова Г. С., Аягөз ауданы психологтар қауымдастығының төрайымы, «№7 негізгі орта мектебі» КММ педагог-психологы»;

Киприянова И. А., Семей қ. орыс тілінде оқытатын мектептердің тарих мұғалімдері қауымдастығының төрайымы, «№ 18 орта мектеп» КММ тарих пәні мұғалімі;

Айтказина А.А., Семей қаласының мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің тарих мұғалімдері қауымдастығының төрайымы, «№ 16 орта мектеп» КММ тарих пәні мұғалімі.

Іс-шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері мен әдіскерлері, облыстың білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен тарих пәні мұғалімдері қатысты.

Сондай ақ ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы күзгі демалыста атқарылатын жұмыс жоспарының жобасын ұсынды.

 

Директордың орынбасары                                                         С. Нурканова