
2025 жылғы 5 қарашада Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметінің облыстық орталығының концерт залында «Рух күші. Өнер күші» / «Рухты өнер – өнегелі өмір» атты концерт өтті. Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өңіраралық мәдени байланыс аясында өтті.
Шығармашылық бағдарлама Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана қаласының әртістерін бір сахнада тоғыстырды. Көрермендер шынайылыққа, рухани қуат пен терең көркемдік мазмұнға толы вокалдық және хореографиялық қойылымдарды тамашалады.
Концертке қатысқандар:
Концерт соңында қатысушыларға Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшылығының атынан алғыс хаттар табысталды. Бұл — шығармашылық үлес, өңірлер достығы мен мәдени құндылықтарды сақтау ісіне деген ризашылықтың белгісі.
Сапар аясында Шығыс Қазақстан облысының жас өнерпаздары Солтүстік Қазақстанның мәдени мұрасымен танысты. Олар Мағжан орталығында болып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолына үңілді. Кейін қонақтар «Ботай» арт-галереясына барды, онда жан дүниесімен көре білетін жандарға арналған көрме ұсынылды. Экспозицияда қазақстандық бейнелеу өнерінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан шеберлердің 7 туындысы қойылған. Кейбір жұмыстар тактильді барельефтермен және Брайль қарпіндегі тақтайшалармен толықтырылған, бұл өнерді баршаға қолжетімді етіп, туындыларды көзбен ғана емес, сезіммен, жан толғанысымен қабылдауға мүмкіндік береді.
Сапар мен концертке қатысу жас әртістерге жарқын әсер, шабыт пен Солтүстік Қазақстан туралы жылы естеліктер сыйлады. Бұл мәдени алмасудың және инклюзивті шығармашылықты қолдаудың маңыздылығын айқындады.