«Жаратылыстану саласындағы оқу үрдісіндегі жаңашылдық-оқушының танымдық белсенділігін арттырудың жолы» облыстық семинарының қорытындысы

«Жаратылыстану саласындағы оқу үрдісіндегі жаңашылдық-оқушының танымдық белсенділігін арттырудың жолы» облыстық семинарының қорытындысы

2025 жылғы 30 қазан күні ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының күзгі демалыс мектебінің жоспарына сәйкес «Жаратылыстану саласындағы оқу үрдісіндегі жаңашылдық-оқушының танымдық белсенділігін арттырудың жолы» облыстық семинары өткізілді.

Семинар Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы Абай атындағы орта мектебінде  өтті. Іс-шараға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 50-ден астам жаратылыстану-математикалық бағытындағы мұғалімдері қатысты.

Семинардың мақсаты - жаратылыстану пәндерін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдер мен технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және олардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Іс-шара аясында Абай атындағы орта мектептің мұғалімдері өздерінің оқу тәжірибесінде табысты қолданатын инновациялық педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді ұсынды. Білім беру процесінде жасанды интеллектті қолдануға ерекше назар аударылды — педагогтар заманауи цифрлық құралдардың сабақтарды интерактивті және тиімді етуге қалай көмектесетіні жайлы шеберлік сыныптар ұйымдастырды.

Өткізілген семинар педагогтардың кәсіби өсуі үшін нәтижелі және шабыттандыратын алаңға айналды. Қатысушылар тәжірибе алмасып қана қоймай, өздерінің инновациялық әзірлемелерін ұсынды, сонымен қатар оқу процесіне озық цифрлық технологияларды енгізуге дайын екендіктерін көрсетті.