«Үздік педагог-2020» республикалық конкурсының нәтижелері

«Үздік педагог-2020» республикалық конкурсының нәтижелері

Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайын ұйымдастырылатын «Үздік педагог» республикалық конкурсының қорытындысы шығарылып, 2020 жылдың 2 қазанында облысымыздың үздік педагогтерін онлайн-марапаттау рәсімі өтті. Облысымыздың төрт педагогі 2020 жылдың «Үздік педагог» атағына ие болып, төсбелгі мен республикалық бюджет қаражатынан 1000 АЕК көлемінде сыйақы алды.

Олардың есімдерін мақтанышпен атап өткіміз келеді:

- Елюбаев Канат Амангельдыевич – Бородулиха ауданы, Жезкент кентінің мектеп-лицейінің тарих пәні  мұғалімі;

- Мельникова Наталья Васильевна – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі;

- Сагатбекова Жанар Каликановна - Семей қаласы, № 37 гимназиясының математика пәні мұғалімі;

- Нигметжанова Марал Құдайбергеновна – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен жоғары политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Сондай-ақ, «Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарыда 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы алды. Олар:

- Тлебалдина Назигуль Хауановна – Абай ауданы, Абай атындағы мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі;

- Травникова Елена Васильевна – Шемонаиха ауданы, Астафьев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

 

Республикалық конкурстың жеңімпаздарын лайықты марапатымен құттықтаймыз!