«Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар» облыстық онлайн-семинары

«Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге  асыратын педагогтерге қойылатын талаптар» облыстық онлайн-семинары

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2020 жылғы 9 қазанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 «Тәлімгерлік қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар» бұйрығына сәйкес директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен педагог-тәлімгерлер үшін одан әрі жұмыс жоспарын түсіндіру бойынша облыстық онлайн-семинар өткізді.

Семинардың мақсаты-педагогтің кәсіби өсуі мен дамуына қажетті кәсіби және адамгершілік қасиеттерді қалыптасу.

Семинарға 100-ден астам адам қатысты.

Жұмыс барысында тәлімгерлік туралы ереже мен өткізу тәртібі жайлы түсіндірілді.

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының, 9 – қосымшасына сәйкес педагог-тәлімгердің жас маманмен жұмыс жоспары қаралды, қызметтің мазмұны мен есеп беру жұмыс нысандары туралы толық түсіндірме берілді.

Онлайн-семинар аяқталғаннан кейін модераторлар – Э.Т. Шауменова мен Б.З. Асылханова қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің назарына осы мәселе бойынша негізгі нормативтік құжаттарды ұсынды.